Танымал музыкант 64 жасында өмірден өтті

Танымал музыкант 64 жасында өмірден өтті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ресейлік «Любэ» тобының бэк-вокалисі Алексей Тарасов 64 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды ұжым әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Топ мүшелері марқұмның отбасы мен жақындарына, оны таныған және өнерін бағалаған барша жанға көңіл айтты. Жарияланған хабарламада музыканттың қазасының себебі көрсетілмеген.

Алексей Тарасов 1961 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеуде дүниеге келген. Ипполитов-Иванов атындағы музыка академиясының дирижерлік-хор бөлімінде білім алған. Топтың ресми сайтындағы өмірбаянына сәйкес, ол «Любэ» құрылған кезден бастап ұжыммен жұмыс істеп, барлық альбомының жазылуына қатысқан. Ал концерттік құрамға 2005 жылы қосылған. 

Алексей Тарасов кім?

Алексей Тарасов — ресейлік музыкант, «Любэ» тобының бэк-вокалисі. Ол 1961 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеуде дүниеге келген. Ипполитов-Иванов атындағы музыка академиясының дирижерлік-хор бөлімінде білім алған. «Любэ» құрылған кезден бастап ұжыммен бірге жұмыс істеп, топтың барлық альбомын жазуға қатысқан. Ал концерттік құрамына 2005 жылы қосылған. Топтың ресми сайтында оның репертуардағы сүйікті әні «Там, за туманами» екені көрсетілген.