Қазақстандықтарды ойын залдарына кіргізбейді деген уәдеге қарамастан, Талғар ауданының тұрғындары, әсіресе жастар арасында құмар ойындарға қызығушылық артады деп алаңдайды, деп хабарлайды ult.kz.
Orda.kz дерегінше, Алматы облысындағы «Ақ-Бұлақ» таулы курорт аумағында тек шетелдіктерге арналған ойын аймағын салу жоспарланып отырғаны бұған дейін де хабарланды.
Билік бұл жоба арқылы турист пен инвестиция тартуды көздейді.
Алайда Талғар ауданының тұрғындары бұл бастаманы қолдамайды. Тіпті қазақстандықтарды казиноға кіргізбейміз деген уәде де олардың қобалжыған көңіліне демеу болмай отыр. Тұрғындар жасөспірімдер мен жастар арасында құмар ойын мен лудомания таралуына себеп болады деп қауіптенеді.
Казинодан бөлек, қонақүй, ипподром және 1,5 мыңнан астам вилла мен коттедж салу жоспарланған. Жобаға қаражатты жеке инвесторлар құяды.