Талдықорғанда гараж маңынан ер адамның мәйіті табылды

Талдықорғанда гараж маңынан ер адамның мәйіті табылды
Коллаж: видеодан кадр

Талдықорғанда гараждардың бірінің маңынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам тірі кезінде алкогольдік ішімдікті шамадан тыс тұтынған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, ер адамның өліміне қатысты барлық мән-жай анықталып жатыр.