Талдықорған қаласында ашық аспан астындағы кинотеатр ашылды

Талдықорған қаласында ашық аспан астындағы кинотеатр ашылды

Талдықорған қаласында аспан астындағы кинотеатр ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алғашқы кинотуынды үлкен экранға шығып та үлгерді. Қаладағы айшықты орындардың бірі «Журналистер үйі»-нің алдындағы автотұрақта ұйымдастырылған кинокөрсетілім бұрынғыдан өзгерек болды. Көрермен залы автотұрақ болса, келушілер көлік ішіне жайғасып, туындыны тамашалады. 

Кинотеатрдан ең алғаш рет «Құнанбай» фильмі көрсетілді. Сеанс 2 сағатқа созылды. Таза ауадағы кинотеатрға көптеген тұрғындар келді. Фильм көрермендердің көңілінен шықты десе болады. 

Бұқараның қалауын дөп басып, ерекше сыйды жүзеге асырушылар Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, «Jetisy Media» КММ-сі. Идея авторы Елбосын Абай. 

«Таз ауада өткізілген кино көрсетілім көптің көңілінен шықты деп ойлаймын. Елде ойын-сауық орындарының жұмысы шектелгені белгілі. Ал осы шара арқылы тұрғындар бір уақыт демалып, оның үстіне тарихқа көз жүгіртіп, тәлім-тәрбие, өмірге қажетті кеңес алды деген ойдамын», - дейді жас маман Елбосын Абай.