Freedom Inside '26

Тағы бір танымал актриса хиджабын шешті

Тағы бір танымал актриса хиджабын шешті
Коллаж: ult.kz

Танымал қазақстандық театр және кино актрисасы, тележүргізуші әрі блогер Жанель Мақажан хиджабсыз көзге көрінді, деп хабарлайды ult.kz.

Актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желіде жаңа видео жариялап, көпшіліктің назарын аударды. 

Бейнежазбада оның хиджабсыз көрінуі желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. 

Сонымен қатар актриса той жүргізу және ұзату саласына белсенді кіріскенін хабарлап, қуанышты кештерді әсерлі әрі жоғары деңгейде өткізуге дайын екенін жеткізді.