Шымкентте сушиге тапсырыс берген отбасы ішек инфекциясымен ауруханаға түсті

Шымкентте сушиге тапсырыс берген отбасы ішек инфекциясымен ауруханаға түсті
ашық дереккөз

Шымкентте жеке сатушыдан сушиге тапсырыс берген бір отбасының бірнеше мүшесі жіті ішек инфекциясымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ult.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері қалада жіті ішек инфекциясының бес топтық жағдайы тіркелген. Мамандар мұндай жағдайларға өнімдерді дұрыс сақтамау, температуралық режимді бұзу, жеке гигиена талаптарын сақтамау және дайын тағамдарды тиісті жағдайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін екенін айтады.

Әсіресе жеке сатушылардан дайын тағамға тапсырыс бергенде сақ болу керек. Өйткені өнімнің қандай жерде және қандай жағдайда дайындалғанын бақылау қиын.

Мамандар дайын тағамнан кейін денсаулық нашарласа, дереу дәрігерге жүгінуге және чек, сатушымен хат алмасу, тағамның фотосы, қаптамасы мен медициналық құжаттар сияқты дәлелдерді сақтауға кеңес береді.

Зардап шеккендер санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жүгіне алады. Материалдық және моральдық зиянды өтеу мәселесі сот арқылы шешіледі.