Шымкент аптап ыстықпен қалай күресіп жатыр

Шымкент аптап ыстықпен қалай күресіп жатыр
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Шымкентте ауа райының күрт ысуына байланысты қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, күн сайын көшелерге, жасыл аймақтарға, балалар және спорт алаңдарына, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерге су себу жұмыстары жүргізілуде.

Арнайы техникалар жолдардағы шаңды азайтып, жоғары температураның кері әсерін төмендетуге бағытталған жұмыстарды атқаруда.

Әкімдік тұрғындарды аптап ыстық күндері сақтық шараларын сақтауға, мамандардың ұсынымдарын орындауға шақырды. Сондай-ақ мүмкіндігінше күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта жүрмеуге, жеткілікті мөлшерде су ішуге кеңес берілді.

скриншот