Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
ашық дереккөзден

6 қыркүйекте сағат 23:08-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Дүмпудің Үлкен-Нарын ауылындағы есептік қарқындылығы 2 балл болды, деп хабарлайды ult.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі тіркеген дүмпудің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен-Нарын ауылында 2 балды құрады.

ТЖМ дерегіне сәйкес, жер сілкінісінің күші төмен болған.