Шұғыл шақыртуға асыққан екі өрт сөндіруші жол апатынан қаза тапты

Шұғыл шақыртуға асыққан екі өрт сөндіруші жол апатынан қаза тапты
Фото: әлеуметтік желі

Абай облысында шұғыл шақыртуға бара жатқан екі өрт сөндіруші жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.

Қайғылы оқиға Семей–Курчатов тасжолында болған.

Апат салдарынан 36 жастағы Ермек Сыдықов пен 33 жастағы Арнұр Әдікенов көз жұмды. Сонымен қатар жол-көлік оқиғасына қатысқан екінші көліктегі ерлі-зайыпты да қаза тапқан. Осылайша апаттан төрт адам мерт болды. 

Марқұмдардың туыстары өрт сөндірушілерге Семей мен Курчатов арасындағы шамамен 130 шақырым жолды бір сағат ішінде жүріп өту тапсырылғанын айтады. Олардың сөзінше, қызметкерлер шұғыл шақыртуға асығып бара жатқан.

Жақындары осы жағдайға байланысты басшылықтың әрекетіне құқықтық баға беруді сұрап отыр. Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметтік тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. 

Ермек Сыдықовтың артында әйелі мен екі баласы, ал Арнұр Әдікеновтің артында әйелі мен бір баласы қалды.