Жамбыл облысындағы Шу станциясында теміржолдан өтпек болған әйелді пойыз қағып кетті. Оқиғаның мән-жайын көлік полициясы анықтап жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 20 шілдеде болған.
– Теміржол көлігінің қозғалысы мен оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу дерегі бойынша Шу станциясындағы полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етілмейді.
Еске салайық, бұған дейін Астананың Лесозавод ауданында автобус пойызбен соқтығысқан болатын.