Freedom Inside '26

Су айдынындағы қауіпсіздік ережелерін білесіз бе?

Су айдынындағы қауіпсіздік ережелерін білесіз бе?
gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады, деп хабарлайды ult.kz.

Шомылу маусымының басталуына байланысты судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауды еске саламыз:
- Тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылыңыз;
- Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
- Қалқыма белгілерден әрі жүзбеңіз;
- Тереңдігі белгісіз жерлерге сүңгімеңіз;
- Үрлемелі құралдарды жағалаудан алыс жерде пайдаланбаңыз;
- Мас күйде суға түспеңіз;
- Ауа райы қолайсыз болған жағдайда шомылудан бас тартыңыз.

Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!