ШҚО-дағы қайғылы өрт: екі немересін тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты көз жұмды

ШҚО-дағы қайғылы өрт: екі немересін тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты көз жұмды
ndiamedtoday.com

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Уварово ауылында болған өрт салдарынан егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, оқиға жеке тұрғын үйде болған. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін 1948 жылы туған үй иесі баспанадан өз күшімен шығып үлгергенімен, түтінге қатты уланып қалған.

Төтенше жағдай орнына келген Апаттар медицинасы орталығының мамандары ер адамды аман алып қалуға тырысқанымен, барлық реанимациялық шара нәтиже бермеген.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үй ішінен 1953 жылы туған әйелдің мәйітін тапты.

Өрт шамамен 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір тілсіз жаудың шығу себептері анықталып жатыр.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, қаза болған қариялар ата-анасынан айырылған 19 және 17 жастағы екі немересін тәрбиелеп келген. Өрт болған сәтте қыздар үйде болмаған.