СҚО-да 1,4 млрд теңгелік жоба аяқталмай, 380 млн теңге жымқырылған

СҚО-да 1,4 млрд теңгелік жоба аяқталмай, 380 млн теңге жымқырылған
Бюджет тапшылығын 98,4%-ға жабу қарыз алу есебінен жүзеге асырылды

Солтүстік Қазақстан облысында құрылысқа бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің облыс бойынша департаменті Айыртау ауданындағы нысан құрылысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Ведомство мәліметінше, 2017 жылы облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Akcent KZ» ЖШС-мен «Сырымбет» кен орнына дейін теміржол кірме жолын, ішкі алаңдағы жол тармақтары мен инженерлік желілерді салу туралы келісімшарт жасасқан.

Жобаның жалпы құны 1,4 млрд теңге болған. Құрылыс бастапқы жоспар бойынша 2018 жылы аяқталуы тиіс еді. Алайда нысанды пайдалануға беру мерзімі бірнеше рет ұзартылған.

Соған қарамастан, құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған.

Тергеу барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құны 380 млн теңге болғаны анықталған.

Қазір мердігер ұйымның басшысы мен облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы күдікті деп танылды.

Сот санкциясымен күдіктілердің үш пәтері мен автотұрағына тыйым салынды.

Тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.