коллаж: Tengrinews.kz
БҚО прокуратурасы сотталушының тергеу изоляторы камерасында өзін-өзі жаралағанына қатысты пікір білдірді. Қадағалау органы қазір бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Прокуратура мәліметінше, сотталған Виталий Туренков мемлекет басшысына сот актілерімен келіспейтінін мәлімдеп, үндеу жасаған.
"Бұл азамат сот үкімі бойынша адам өлтіргені үшін 14,1 жылға бас бостандығынан айырылған. Оның әрекеті қайталануы мүмкін деп танылған. Өйткені бұрын күш қолданып ауыр қылмыс жасағаны үшін (мылтықпен бопсалау, сынған бөтелкені қолданып бұзақылық жасау) екі рет сотталған. Апелляциялық инстанцияның уәждері қанағаттандырусыз қалдырылып, үкім өзгерген жоқ", - деді БҚО прокуратурасы өкілдері.