Соққыға жығылған қыздың әрекеті жұртты таңғалдырды: өзін ұрған жігітті құшақтап кетіп қалды

Соққыға жығылған қыздың әрекеті жұртты таңғалдырды: өзін ұрған жігітті құшақтап кетіп қалды
видеодан скриншот

Ресейдің Белгород қаласында ер адам сүйіктісін көпқабатты тұрғын үйдің ауласында аяусыз ұрып-соққан, алайда жанжал аяқталғаннан кейін әйел өзін соққыға жыққан ер адамды құшақтап, сүйіп, онымен бірге оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды ult.kz.

Куәгерлердің айтуынша, күдікті әйелге бірнеше рет қолымен және аяғымен соққы жасаған. Оқиғаны байқап қалған өтіп бара жатқан адамдар жәбірленушіні қорғауға тырысқан. Бірақ жәбірленуші өзін соққыға жыққан ер адаммен бірге кеткен.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба көпшіліктің қызу талқысына түсті. Көптеген қолданушы мұндай жағдай тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көрінісі екенін айтып, жәбірленушілердің агрессордан бірден кете алмауы психологиялық тәуелділік пен қорқынышқа байланысты болуы мүмкін екенін жазуда.

Оқиғаға қатысты құқық қорғау органдарының ресми мәлімдемесі әзірге жарияланған жоқ.

Оқи отырыңыз: Мектепке әскери ұшақ құлады: ондаған адам қаза тапты