Қостанай облысының Сарыкөл ауданында прокурорлар денсаулығына байланысты көлік жүргізуі қауіпті 11 адамды анықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Олардың бірі жарамды жүргізуші куәлігімен көлік жүргізіп жүрген. Ер адам шизофрениямен ауырады және психоневрологиялық есепте тұр.
Прокуратураның бастамасымен сот шешімі бойынша 11 азаматтың да жүргізуші куәлігі тоқтатылды.
«Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес, денсаулығына байланысты көлік жүргізуі жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін азаматтардың көлік басқару құқығы тоқтатылуы тиіс.
Бұған дейін медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты Қазақстанда 10 мың жүргізушінің куәлігінен айырылғаны хабарланған болатын.