Сирия соты елдің бұрынғы президенті Башар Асадты сырттай өлім жазасына кесті. Сот үкімі бүгін, 11 тамызда шығарылған, деп хабарлайды ult.kz.
Euronews мәліметінше, Асад қасақана жаппай кісі өлтіру, азаптау, заңсыз қамауға алу және адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деп танылған.
Сот отырысы Асадтың қатысуынсыз өткен. Ол 2024 жылғы желтоқсанда оппозициялық күштердің Дамаскіні басып алуынан кейін биліктен айырылып, Сириядан қашып кеткен. Қазіргі уақытта оның Ресейде тұрып жатқаны хабарланды.
Башар Асадтың өлім жазасына кесілуі Сириядағы бұрынғы билік өкілдеріне қатысты жүргізіліп жатқан сот процестерінің ең маңызды шешімдерінің бірі болды.