Фото: otyrar.kz
Шымкентте ерекше оқиға болды. 37 жастағы ер адам достарымен бәстесіп, бірден 26 қалам жұтқаннан кейін ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы otyrar.kz-ке сілтеме жасап, Ult.kz хабарлайды.
Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Мамандардың айтуынша, науқас ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер шұғыл түрде эндоскопиялық операция жасап, оның асқазанынан пластик және металл қаламдарды алып шыққан.
«Науқастың өміріне үлкен қауіп төнген. Мұндай жағдай сирек кездеседі, себебі қалам сияқты бөтен заттар ішкі ағзаларды зақымдап, ішкі қан кетуге немесе қабынуға әкелуі мүмкін», – дейді дәрігерлер.
Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақты, ол хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Дәрігерлер тұрғындарға мұндай қауіпті әрекеттерге бармауға және әзіл не бәстің салдарын бағамдауға кеңес берді.