Бүгін Ақмола облысы Щучинск қаласындағы бес қабатты қонақүйлердің бірінде өрт шықты. Төтенше жағдай ғимараттың бірінші қабатындағы сауна бөлмесінде болған, деп хабарлайды ult.kz.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жеткен. Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақта қысқа уақыт ішінде оқшауланып, оның басқа бөлмелерге таралуына жол берілмеді.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қонақүйдің жоғарғы қабаттарынан 24 адам, оның ішінде екі бала өздігінен эвакуацияланған.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.