Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Шетелден ПТР анықтамасы жоқ 470 қазақстандық ұшып келді

Шетелден ПТР анықтамасы жоқ 470 қазақстандық ұшып келді

Шетелден ПТР анықтамасы жоқ 470 Қазақстан азаматы ұшып келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2021 жылғы 5 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 073 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 603 адам, анықтамасыз 470 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 323 жолаушы, анықтамамен - 935, анықтамасыз - 388;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 683 жолаушы, анықтамамен - 602; анықтамасыз - 81;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 35 жолаушы, анықтамамен - 34; анықтамасыз - 1.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 4 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген барлық 249 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.