Шамалғанда көлік көпірден ұшып кетіп, екі адам мерт болды

Шамалғанда көлік көпірден ұшып кетіп, екі адам мерт болды

Алматы облысы Шамалған стансасы маңындағы көпірден көлік ұшып кетті, адам шығыны бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жол-көлік оқиғасы таңертең 9:30 -да Қарасай ауданында тіркелді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол апаты салдарынан 1982 және 1988 жылғы екі азамат қаза тапты. Бұл оқиғаға қатысты іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қажетті сараптамаларды тағайындау арқылы сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінен.

Оқыс оқиғаның видеосы Инстаграмдағы kris_p_kz парақшасында пайда болды.