Актер Тәуекел Мүсілім алғаш рет сұхбат беріп, отбасы жайлы ашық мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Ол "Отец" подкастында балалық шақтағы қиыншылық пен өкпесін ағынан жарылып жариялады.
"Әкем сияқты болғым келмейді. Анам да балаларды тым еркелетіп жібергенсіңдер дейді. Бірақ қазір заман басқа", - деді актер.
Оның сөзінше әр ата-ана бала тәрбиесіне өздері араласып, жауапкершілікті этаптан бірге өту керек. Ал, бүгінде уақыт басқа болғандықтан, көзқарасты да өзгерту керек.
Тәуекел Мүсілім кім?
Тәуекел Мүсілім - қазақстандық актер және модель. Ол 1988 жылғы 9 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Бала кезінде Алматыдағы №148 мектепте білім алып, кейін №140 мектеп-гимназиясында оқуын жалғастырған.
Өнер саласындағы алғашқы қадамын модельдік бизнестен бастаған. Кейін жарнамалық роликтер мен музыкалық бейнебаяндарға түсіп, көпшілікке таныла бастады. Уақыт өте келе Тәуекел Мүсілім актерлік салаға бет бұрып, кино және тележобаларға қатыса бастады.
Оның фильмографиясында комедия, мелодрама, драма және криминал жанрындағы туындылар бар.
Актер 2014 жылдан бері экрандық жобаларға тұрақты түрде қатысып келеді. Ол көрерменге "Брат или брак" фильмі арқылы да жақсы таныс.
Кейін осы фильмнің жалғасы - "Брат или брак 2" картинасында да бой көрсетті.
Тәуекел Мүсілім "В поисках мамы 2: Новые приключения" фильмінде Дэн есімді кейіпкерді сомдаған.
Сондай-ақ ол "Красный уровень" телехикаясына түскен.
2021 жылы актер "Маша и Дударай" мелодрамасының актерлік құрамында болды. 2022 жылы "Қызымның қорғаушысы" және "Қазақтар пришельдерге қарсы" фильмдеріне қатысты.
Оның кейінгі жұмыстарының қатарында "Жар-Жар", "Миллионға келістік" және "Аяш 3" фильмдері бар.
2024 жылы Тәуекел Мүсілім "Үш қаһарман" және "Онда біреуден туып ал" жобаларында көрінді. 2025 жылы ол "Биік сезім" комедиясында өнер көрсетті.
Жеке өмірінде актер Махаббат есімді арумен отбасын құрған. Тәуекелдің айтуынша, ол болашақ жарымен жарнама түсірілімі кезінде танысқан.
Бүгінде Тәуекел Мүсілім қазақстандық кино мен медиа кеңістігінде танымал актерлердің бірі ретінде түрлі шығармашылық жобаларға қатысып жүр.