Семей қаласының тұрғындары Медет пен Дария 15 жыл бойы перзент сүюді армандаған, деп хабарлайды ult.kz.
Ұзақ күткен армандары орындалып, ерлі-зайыпты Арман мен Аңсар есімді егіз ұлдың ата-анасы атанды. Бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ерекшелігі – отбасының ЭКО бағдарламасы толықтай халықтың қолдауымен қаржыландырылған. Ләйлә Сұлтанқызы игі іске үлес қосқан барша жанға алғысын айтып, сәбилердің бауы берік болуын тіледі.