Қазақстанда 25 қарашаға белгіленген ресми бағам бойынша бір доллар 458,28 теңге, бір еуро 501,45 теңге, бір рубль 5,59 теңге болды, деп хабарлайды ult.kz.
24 қарашамен салыстырғанда доллардың ресми бағамы 3,16 теңгеге, еуро 2,46 теңгеге, рубль 4 тиынға өсті. Қытай юані 48 тиынға қымбаттап, 68,77 теңгеге жетті.
Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 17:00-дегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 458,37 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күніндегіден 1,06 теңгеге төмен.
Kurs.kz дерегінше, сағат 17:02-де доллардың ең жоғары сату бағасы Астанадағы айырбастау орындарында 460 теңге, Алматыда 458 теңге болды.
Мұнай нарығында Астана уақытымен сағат 16:20-да Brent маркасының қаңтардағы фьючерсі 0,72 пайызға арзандап, барреліне 90,74 доллар болды. WTI фьючерсі 0,82 пайызға төмендеп, 81,38 долларға түсті.