Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ақмолада мас жүргізуші өз әйелін көлікпен қағып өлтірді

Ақмолада мас жүргізуші өз әйелін көлікпен қағып өлтірді
pixabay.com\kaztag.kz

Ақмола облысының Аршалы кентінде мас күйде көлік тізгіндеген ер адам өз әйелін қағып, ажал құштырды. Қайғылы оқиғадан кейін күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ult.kz.

KazTAG агенттігі хабарлауынша, Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам ВАЗ-2114 маркалы автокөлікті мас күйде басқарған. Алдын ала деректер бойынша, ол әйелін көлікпен қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

«Алдын ала анықталғандай, марқұмның күйеуі ВАЗ-2114 автокөлігін мас күйде басқарып, әйелді қағып кеткен. Салдарынан ол көз жұмды», – деп хабарлады полиция.

Оқиғадан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда әйелін өлтірген ер адам сот отырысында болған оқиғаға марқұмның өзін кінәлаған еді. Ол азаматтық некедегі жұбайына бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қайғылы жағдайға ерлі-зайыптының үш жастағы қызы куә болған. Тіпті әкесі кішкентай баланы қанға боялған анасының жанында қалдырып кеткен.