26 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің солтүстік-батысында жауын-шашын күшейеді. Бірқатар өңірде көктайғақ болып, солтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстікте жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада күндіз көбіне жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде −1…+1°C, күндіз +6…+8°C болады. Желдің екпіні түнде 15–20 м/с-қа, күндіз 23–28 м/с-қа жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C күтіледі. Жел 3–8 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетеді.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, күндіз кейде 23 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында, сондай-ақ Петропавлда желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетіп, кей уақытта 30 м/с-тан асуы мүмкін. Атырау облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі.