112 пультіне Семей қаласының сауда орталықтарының бірінде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қажетті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен 1990 жылы туған әйелдің аяғын босатты.
Әйел адамды қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.