Семейде 19 жастағы қызды бұрынғы жігіті пышақтап өлтірді

Семейде 19 жастағы қызды бұрынғы жігіті пышақтап өлтірді
ашық дереккөз

Семей маңындағы Водный кентінде 19 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, күдік марқұмның бұрынғы жігітіне түсіп отыр, деп хабарлайды ult.kz.

«Жетінші арнаның» мәліметінше, қайғылы оқиға кент көшелерінің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде қыздың қатты айғайлаған дауысы естілген. Тұрғындар сыртқа шыққанда, оны жерден тапқан. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылғанымен, қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Куәгерлердің сөзінше, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Ол жақын маңдағы үйлердің бірінің қоршауынан секіріп өтіп, ізін суытқан. Оқиға орнында алғашқы көмек көрсетілгенін аңғартатын медициналық бұйымдар қалған.

«Айғайды естідім. Шу, төбелес басталды. Қыз қатты айғайлады. Сосын қарасам, ол жерде жатыр екен. Жанындағы жігіттер жылап тұрды», – дейді кент тұрғыны.

Қазір полиция қылмыстың мән-жайын анықтап, күдіктіні іздеу және іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.