Семейде 13 жастағы оқушы досына 15 рет пышақ сұққан

Семейде 13 жастағы оқушы досына 15 рет пышақ сұққан
Фото: gov.kz

Семейде екі 13 жастағы сыныптас арасында жанжал шығып, оқушылардың бірі екіншісіне 15 рет пышақ сұққан, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға сабақтан кейін, мектеп маңында болған. Жанжал кезінде жасөспірім ауыр жарақат алған. Қан көп жоғалтқанына қарамастан, ол өздігінен жақын маңдағы үйге барып, көмек сұраған.

Жарақат алған бала ауруханаға жеткізіліп, оған төрт сағатқа созылған операция жасалды. Дәрігерлер оның құрсақ қуысына пышақ кіргенін және бүйрегі зақымданғанын анықтаған. Қазір жасөспірімнің жағдайы тұрақталып, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Жанжалға қатысқан екінші жасөспірім де жеңіл жарақат алған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілген. Қазір оның үйде ешқайда кетпеу туралы қолхатпен отырғаны хабарланды.

Мектеп мәліметінше, екі бала бір сыныпта оқиды және жақын достар болған. Бұған дейін олардың ешқайсысы есепте тұрмаған. Жанжалдың нақты себебі әзірге белгісіз.