Freedom Inside '26

Алматыда сел қаупіне байланысты тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Алматыда сел қаупіне байланысты тұрғындар эвакуацияланып жатыр
anatili.kazgazeta.kz

Сел қаупіне байланысты Алматы қаласының Наурызбай ауданында Ақсай өзенінің арнасы бойында тұратын тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізілуде, деп хабарлайды ult.kz.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олар уақытша Наурызбай ауданындағы мектептер базасында ұйымдастырылған халықты қабылдау пункттеріне орналастырылуда.

"Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штаб құрды, азаматтық қорғау қызметтері жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 8 (727) 279-22-32 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылды.

Бүгінгі таңда жедел желіге 4 қоңырау келіп түсті.

Барлық іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізілуде. Жағдай бақылауда", - делінген хабарламада.

Жағдай толық тұрақтанып, қауіп толық жойылғаннан кейін тұрғындар өз үйлеріне қайта орала алады. Бұл туралы халыққа қосымша ақпарат беріледі.