Freedom Inside '26

Шекарадан өткен ағаш өнімінен карантиндік зиянкес шықты

Шекарадан өткен ағаш өнімінен карантиндік зиянкес шықты
Polisia.kz

Петропавл қаласында Ресей Федерациясынан әкелінген қарағай сүрегінен дайындалған ағаш материалдарынан қауіпті карантиндік зиянкес – кіші қара шырша мұртты қоңызы (Monochamus sutor L.) анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Өнімнің жалпы көлемі 33 текше метрді құрады. Қауіпті зиянкес өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүргізген фитосанитариялық бақылау барысында белгілі болған.

Залалдану фактісі "Фитосанитария" ШЖҚ РМК жүргізген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысымен расталды.

Аталған дерекке байланысты өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарын бұзған жеке кәсіпкерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 400-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді.

Кейін сот қаулысымен кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды. Ал карантиндік талаптарға сай келмеген ағаш өнімдері толықтай жойылды.