Шекарадағы заңсыз схема: жүргізушілерден ақша жинаған топтың 5 мүшесі ұсталды

Шекарадағы заңсыз схема: жүргізушілерден ақша жинаған топтың 5 мүшесі ұсталды
© Sputnik / Табылды Кадырбеков

Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасында жүк көліктерінің жүргізушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Тергеу барысында заңсыз делдалдық арқылы түскен қаражаттың бір бөлігі мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларына пара ретінде берілгені анықталған, деп хабарлайды ult.kz.

Түркістан облысы прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топ шекара маңында жүргізушілерден түрлі сылтаумен ақша бопсалап келген.

Тергеу барысында заңсыз делдалдық қызметтен түскен қаражаттың бір бөлігі мемлекеттік қызметкерлерге пара ретінде беріліп отырғаны белгілі болған.

Қазіргі уақытта аталған қылмыстық схемаға қатысы бар 23 адамның жеке басы анықталды. Олардың бесеуі қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары Түркістан облысында Қырғызстаннан темекі өнімдерін контрабандалық жолмен жеткізу арнасының жолын кесті. Жедел іс-шаралар кезінде жалпы құны 103 миллион теңгенің темекі өнімдері тәркіленді.

Бұдан бөлек, жалған кәсіпкерлік субъектілері арқылы шамамен 200 миллиард теңгені алыс және жақын шетелдерге заңсыз шығаруға қатысты дерек анықталды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.