Freedom Inside '26

Шекарадағы заңсыз бизнес әшкереленді: 17 адам тергеліп жатыр

Шекарадағы заңсыз бизнес әшкереленді: 17 адам тергеліп жатыр
ҰҚК

12 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен шекарадағы заңсыз делдалдықпен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне мемлекеттік шекарадан өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізу үшін заңсыз делдалдық қызмет көрсеткен.

Жиналған материалдар негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту кезінде 5 бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.