Сайран көлінде ер адам суға батып кетті

Сайран көлінде ер адам суға батып кетті


Алматыда сүңгуірлер Сайран көліне батып кеткен ер адамды іздестіруде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Куәгерлердің айтуынша, 31 мамыр күні шамамен кешкі сағат 17:30-да Сайран көліне 25-30 жас аралығындағы ер адам суға түсіп, қайтып шықпаған.

Алдын алдын ала болжам бойынша, жас жігіт таныстарымен бірге ішімдік ішкен.

«Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары жедел іздестіру-сүңгуір жұмыстарын бастады. Іздестіру-сүңгуір жұмыстары қараңғы түскенге дейін жүргізілді. Бүгін таңғы сағат 08:30-дан бастап іздестіру-сүңгуір жұмыстары қайта басталды. Іздестіруге ҚР ТЖМ РЖҚЖ-ның сүңгуірлері де тартылды. Су тұнық болмағандықтан су астынан ештеме көрінбейді. Сондықтан іздестіру жұмыстары жанасу арқылы жүргізілуде»,- деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жаңдайлар департаментінен.

Іздестіру жұмыстарына Алматы қаласы құтқару қызметінің 4 сүңгіруі мен «ҚР ТЖМ» ММ-нен 3 сүңгуір мен 2 қайық жұмылдырылды.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік мәдениетін сақтауға шақырады.

Суда мына нұсқаулыққа назар аудару қажет:

- Суға арнайы рұқсат етілген жерде ғана шомылыңыздар;

- Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;

- Егер сіз арнайы рұқсат етілген жерде шомылғанда суда жүзу білмесеңіз, белден жоғары келетін суға түспеңіз;

- Жүзу кезінде бір-бірлеріңізді қадағалап отырыңыздар;

- Қоршау белгілерінен асып, жағадан алысқа жүзіп бармаңыздар;

- Қайықтар мен катерлерге қарай жақын жүзуге болмайды;

- Қайықтар мен көпірлерден суға қарай секірмеңіздер;

- Суда ұзақ уақыт шомылмаңыздар, тоңып және шаршап қалуыңыз мүмкін;

- Түнгі уақытта алкогольді ішімдік ішіп суға шомылмаңыздар.