Шарджада қаза тапқан апалы-сіңлілі қыздардың ісіне қатысты күдіктінің суреті тарады

Шарджада қаза тапқан апалы-сіңлілі қыздардың ісіне қатысты күдіктінің суреті тарады
ашық дереккөз

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында қаза тапқан қазақстандық апалы-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың ісіне қатысты әлеуметтік желіде күдікті деп танылған адамның суреті тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Суретті журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Жақындарының мәліметінше, қыздардың өліміне күдікті ретінде осы ер адам ұсталған.

Сондай-ақ марқұмдардың туыстары күдікті туралы бұған дейін Қазақстанда жүрген кезінде бірнеше қызға қатысты зорлық әрекеттері болғаны жөнінде ақпарат тарағанын жазған. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми органдар тарапынан расталған жоқ.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Шарджада екі қазақстандықтың қаза болғанын растаған. Қазір БАӘ-нің жергілікті құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат әзірге жарияланбайды.

Бұған дейін марқұмдардың туыстары қыздардың денелерін Қазақстанға жеткізу мәселесімен айналысып жатқанын хабарлаған еді. Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы отбасына консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. 

Туыстары қыздардың мектепте жақсы оқығанын, жастайынан кәсіппен айналысқандарын айтты