Freedom Inside '26

Шайдоров пен оның жаттықтырушылары Олимпиададағы жеңісі үшін сыйақысын алды

Шайдоров пен оның жаттықтырушылары Олимпиададағы жеңісі үшін сыйақысын алды
Сәли Сабыров

Үкімет 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоровқа және үздік алтылыққа енген конькиші Надежда Морозоваға ақшалай сыйақы төлеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ult.kz.

Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен екі спортшы мен бес жаттықтырушыға төлем жасалды. Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар (шамамен 122,3 млн теңге), ал Надежда Морозоваға 5 мың доллар (шамамен 2,5 млн теңге) берілді.

Сондай-ақ Олимпиада жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша қолдау көрсетіліп, тұрғын үй қорынан тегін пәтер беру қарастырылған.

Бұған дейін Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісінен кейін бірнеше ай бойы жалақы ала алмай жүргенін мәлімдеген болатын. Кейін Туризм және спорт министрлігі спортшының командасымен жаңа келісімшартқа қол қойылғанын хабарлаған.