Роза Рымбаеваны ұлдары қатты жылатып қойды

Роза Рымбаеваны ұлдары қатты жылатып қойды

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева шығармашылық жолындағы айтулы мерейтойын атап өтті. Сахнада жүргеніне 50 жыл толуына орай әншінің ұлдары анасына ерекше тосынсый жасап, жаңа автокөлік сыйлады, деп хабарлайды ult.kz.

Қуанышты сәтті әншінің үлкен ұлы Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеода Роза Рымбаеваның Алматыдағы автосалондардың біріне келгені, ал ұлдарының оған жаңа жол талғамайтын көліктің кілтін табыстағаны көрінеді.

«Сізді шығармашылық мерейтойыңызбен құттықтаймыз. Сахнада жүргеніңізге – 50 жыл. Осы жаңа көлікті біздің сыйымыз ретінде қабыл алыңыз», – дейді Әли Оқапов.

Күтпеген сыйлыққа қатты толқыған өнер иесі қуаныштан көзіне жас алып, балаларына алғысын білдірді. Желі қолданушылары да жылы лебіздерін жаудырып, Роза Рымбаеваны мерейтойымен құттықтап, ұлдарының қамқорлығына тәнті болғандарын жазды.