Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин қайтыс болды

Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин қайтыс болды

Латвия астанасы Ригада ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин өмірден озды. Бұл мәліметті ҚР СІМ өкілдері растады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Оның (Асылбек Мусиннің - автор.) Ригада қайтыс болғанын растаймыз. Ригадағы консул оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Асылбек Мусиннің әкесі Аслан Мусин 2008-2012 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігін басқарған болатын.

Ал 2014 жылдың наурызында Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды. Бірақ 2017 жылдың қаңтарында зейнет жасына келуіне байланысты бұл қызметтен босатылды.