Ресейдің Рязань қаласындағы Wildberries компаниясының қоймасына шабуыл жасалғаны туралы жергілікті тұрғындар хабарлады.
Компания өкілдері логистикалық нысанның қауіпсіздік талаптарына сәйкес толық эвакуацияланғанын растады. Алайда қоймаға шабуыл жасалғаны туралы ресми мәлімдемеде айтылмаған.
Сонымен қатар, «Коммерсант» басылымының мәліметінше, Wildberries Қазақстан аумағынан жаңа қойма орындарын іздей бастаған.
Дереккөздердің айтуынша, компания Ресейдің өзінде де жаңа қоймалар жалдауға тырысуда. Бірақ нысан иелері қауіпсіздік тәуекелдерінің артуына байланысты қоймаларын жалға беруге құлықсыз болып отыр.