Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ресейлік елорда әуежайынан еліне депортацияланды

Ресейлік елорда әуежайынан еліне депортацияланды

Бүгін түнде Елорда әуежайына ПТР анықтамасыз ұшып келген ресейлік азамат еліне депортацияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

COVID-19-ды таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, 21 қазан күні түнде елімізге 11 рейспен 871 жолаушы ұшып келген. Оларды 679-ында ПТР анықтама болса, 192-і жолаушыда анықтама болмай шықты. 

Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен келген 513 жолаушының 355-інде анықтама болса, 158-інде анықтама болмады. Алматыға 4 рейспен 276 жолаушы келді. Оның 242-сі анықтамамен, 34-і анықтамасыз жеткен. Ал Ақтауға 1 рейспен жеткен 82 жолаушының барлығының анықтамасы бар. 

Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР сараптама тапсыру үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік стационарға жатқызылды.