Ресейдегі ең бай қазақ қайта көзге түсті

Ресейдегі ең бай қазақ қайта көзге түсті
Фото: ult.kz

Ресейдегі ең бай қазақ деп танылып кеткен Совет есімді азамат Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ult.kz.

Видеоны Әлиғазы Төртқара есімді әнші жариялаған. Ол парақшасында “Ресейде тұратын абыройды азамат, Совет ағаға сәлем сұрап кеттік" деп жазды. 

Айта кетейік, бұған дейін желіде тараған бейнежазбада ер адам алтын сақинаға толы қолдарын көрсетіп, алтын тісімен көзге түседі. Желі қолданушылары оны Ресейдегі ең бай қазақ деп атаған еді.

Кейбір деректерге сүйенсек, оның 10 мың бас жылқысы және 76 тазы иті бар екен.