Ресей үшін «тегін» соғысқан және жараланған өзбекстандыққа елінде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды ult.kz.
Термез қалалық соты Сурхандария облысының 30 жастағы тұрғынын Ресей армиясы жағында Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін төрт жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
Ер адамның айтуынша, ол Ресейге табыс табу үшін барған. Алайда есірткі ісі бойынша ұсталып, тоғыз жылға сотталған. Кейін оның сөзінше, түзеу мекемесі қызметкерлерінің қысымымен Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қойған.
Майданда жараланғаннан кейін өзбекстандық өзіне уәде етілген ақшаның төленбегенін және Ресей азаматтығы берілмегенін мәлімдеді.