Freedom Inside '26

Қызылордада жоғалған 6 жастағы қыз: Көріпкелдің сөзі елді шошытты

Қызылордада жоғалған 6 жастағы қыз: Көріпкелдің сөзі елді шошытты
Фото: әлеуметтік желі

Қызылорда облысында 5 маусым күні жоғалып кеткен 6 жастағы Медина Мұратбекқызын іздеу жұмыстары үшінші тәулікке жалғасуда, деп хабарлайды ult.kz.

Бүлдіршінді табуға мыңдаған маман мен арнайы техника жұмылдырылған. Полицияның мәліметінше, Медина 5 маусым күні сағат 18:30 шамасында Сырдария өзенінің жағалауындағы бөгетке жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен ойнауға шығып, қайта оралмаған.

Жоғалған кезде қыз бала гүлді суреті бар ашық жасыл түсті футболка, ақ шолақ шалбар және көк түсті аяқкиім киген болған.

Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар мамандары, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, еріктілер, туыстары мен жергілікті тұрғындар қатысуда. Қызды іздеу жер үстінде, су айдындарында және әуеден қатар жүргізіліп жатыр.

Алисия есімді көріпкел қыздың қайда екенін болжады. 

«Ертерек тауып алса, тыныс алуы қиын болып тұр. Энергиясы әлсіз. Кішкентай балада қорқыныш өте көп. Ер адамның энергиясы оны қолынан ұстап алып кеткен. Жанында су бар екенін көрсетіп тұр. Мен суды көріп тұрмын», - деген ол.