Қызылордада із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті жайылым маңынан табылды

Қызылордада із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті жайылым маңынан табылды
astanatv.kz

Қызылорда облысында із-түзсіз жоғалған азаматтың денесі жайылым аумағына жақын жерден табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, азаматтың жоғалғаны туралы хабар түскеннен кейін бірден жедел іздестіру жұмыстары басталған. Іздеу шараларына полиция қызметкерлерімен қатар, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Іздестіру нәтижесінде ер адамның мәйіті жайылым аумағынан батысқа қарай шамамен 800 метр жерден табылған.

Алдын ала тексеру қорытындысы бойынша мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын.