Қызға шабуыл жасаған ер адам полиция қызметкері емес – Орал полициясы

Қызға шабуыл жасаған ер адам полиция қызметкері емес – Орал полициясы
Ашық дереккөзден

Оралдағы түнгі клубтардың бірінде қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның қызға шабуыл жасап, оған шыны затпен соққы жасағаны көрінеді, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде ұсталған адамның полиция қызметкері екені туралы ақпарат тараған. Алайда Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, ұсталған азамат полиция қызметіне қатысы жоқ.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбаға түскен ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр және БҚО полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады полиция.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.