Жас актер Аңсар Ілиясов спортзалға келетін қыздардың кейбіріне шүйлікті, деп хабарлайды ult.kz.
Brave talks подкасына келген жас актер спортзалға шашын жайып, “лосина” киіп келген кез-келген қыз назарға ілігуді қалайтынын айтты. Оның сөзінше, спортзалда денеге қатты жабысқан киім мен шашты жайып жаттығу жасау мүлдем ыңғайсыз.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бір тобы расында жабысып тұрған киім жаттығу жасауға кедергі келтіретінін айтты. Ал бір топ желідегілер әркім не киетінін өзі білетінін, кейбір қыздарға шашты жайып жүрген ыңғайлы екенін жеткізді.
Желідегілер ұлдар мен қыздар жеке-жеке спортзалға барса, мұндай мәселе көтерілмейтінін де қоса кетті.