Құрылтайдың бірінші сессиясы 28 тамызда өтеді

Құрылтайдың бірінші сессиясы 28 тамызда өтеді
Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ult.kz.

Жарлыққа сәйкес, Құрылтайдың бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында өтеді.

Мемлекет басшысы бұл шешімді Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес қабылдады.

Құжат 2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында, Ақордада қабылданды және қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Осылайша, 23 тамызда өткен сайлаудан кейін Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясы 28 тамызда өз жұмысын бастайды.