Бүгін ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы күні жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр. 16 сағатқа жоспарланған тікелей эфир сағат 09:00-ден 00:30-ға дейін жалғасады, деп хабарлайды ult.kz.
Марафон барысында сайлау барысы туралы жедел ақпарат, сарапшылар пікірі, арнайы репортаждар мен тікелей қосылымдар ұсынылады. Эфирге қоғам қайраткерлері, сарапшылар, журналистер, блогерлер, спортшылар және шығармашылық сала өкілдері қатысады.
АҚШ, Ресей, Түркия, Қытай және Бельгиядан, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірінен тікелей қосылымдар ұйымдастырылған. Әр екі сағат сайын шетелдегі дауыс беру барысы туралы ақпарат беріледі.
Сонымен қатар марафонда қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелер талқыланып, азаматтардың пікірлері тыңдалады. Астана, Алматы және Шымкенттен де арнайы репортаждар көрсетіледі.
Марафонның тікелей эфирін республикалық және өңірлік медиаресурстардың YouTube арналары мен ақпараттық порталдарынан көруге болады.