Құрылтай мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған жаңа наградаларды енгізуді мақұлдады

Құрылтай мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған жаңа наградаларды енгізуді мақұлдады
Life09.kz

Құрылтай депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ult.kz.

Заң жобасы Мемлекет басшысының Құрылтайдың бірінші шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік наградалар туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі берген тапсырмасын орындау үшін әзірленіп отыр.

Құжатта отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытудағы жемісті қызметі және ерекше еңбегі үшін азаматтарды марапаттауға арналған «Шәмші Қалдаяқов» медалін енгізу ұсынылады.

Сонымен қатар, бейнелеу өнеріндегі үздік туындыларымен ерекшеленген және отандық көркем мәдениетті дамытуға ерекше еңбек сіңірген қайраткерлер үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу ұсынылады.