Құрбан айтта Астанада мал соятын ресми орындар жарияланды

Құрбан айтта Астанада мал соятын ресми орындар жарияланды
depositphotos.com

Астана әкімдігі Құрбан айт мерекесі кезінде құрбандық шалуға арналған арнайы орындардың тізімін жариялады. Құрбан шалу рәсімі 27-29 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды ult.kz.

Қала мешіттерінде айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де оқылады. Ал құрбан шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми белгіленген орындарда жүргізіледі.

Әкімдік тұрғындарды санитарлық, эпидемиологиялық және ветеринарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Мамандар ет өнімдерін тек сенімді орындардан сатып алып, сақтау талаптарына мән беруге кеңес береді. Сондай-ақ мал сойғаннан кейінгі қалдықтарды тұрмыстық қоқыс контейнерлеріне тастауға болмайтыны ескертілді.

Құрбандық шалуға рұқсат етілген орындар:

Байқоңыр ауданында:

«Шанхай» базары — Алаш тас жолы, 34/6;

«Баракат» базары — А көшесі, 369/10;

«Жайлау» базары — Алаш тас жолы, Ц көшесі, 313;

«Шәушен» шаруа қожалығы — Алаш тас жолы, 136Б.

Алматы ауданында:

«Ет-Хан» ет дүкені — Железнодорожный тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.

Әкімдік белгіленген аумақтардан тыс жерде құрбандық шалуға рұқсат етілмейтінін мәлімдеді.